Араб елдерінің көшбасшылары Иранға қатысты мәлімдеме жасады

1017

Араб елдері Иранға қарсы бірігеді.

Араб елдерінің көшбасшылары Иранға қатысты мәлімдеме жасады

Араб елдерінің көшбасшылары Ираннан төнетін қауіп-қатерге қарсы бірігетіндерін мәлімдеді. Бұл жөнінде Меккеде өткен төтенше жалпыараб саммитінде айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

"Иранның басқа елдердің ішкі саясатына араласуы дұрыс емес, сондықтан Араб елдері оған қарсы бірігетінін растаймыз", – делінген қорытынды құжатта.

Сонымен қатар осындай шешімге алып келген факторларды атап өткен. Оның бірі – Саудия аумағын атқылау үшін Йемендегі "Ансар Алла" қозғалысының  бүлікшілеріне баллистикалық ракеталарды жеткізуі. Сонымен қатар, араб монархтары Иранның Бахрейннің ішкі істеріне араласуы мен мұнай тасымалына кедергі келтіретіндерін де айыптады. Жиын соңында, әлем елдерін Иранға ядролық қару жасауға және оның зымыран бағдарламасына қатаң шектеу қоюға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу