banner

Араб компаниясының басшысы​ қазақстандықтардан кешірім сұрады

885

"Қолымды жүрегіме қойып, компанияның бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді,– дейді Кауаш Хишам.

Араб компаниясының басшысы​ қазақстандықтардан кешірім сұрады

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)" компаниясының бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кауаш Хишамның әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеуінде айтылғандай, ол Теңіз кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы хабардар болған бойда бірден Атырау облысына аттанған.

"Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығыңыздан кешірім сұрағым келеді. ССЕР басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл компания саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді. Аталмыш жағдайдан кейін онымен арадағы келісімшарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды.​ Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдаймыз. Қолымды жүрегіме қойып, компанияның бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жайт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда жағдайды реттеу үшін дереу Атырауға ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ", – деді Кауаш Хишам өзінің бейне үндеуінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 маусым күні "Теңіз" вахта қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында WhatsАpp желісінің профиліне орналастырған​ фотосуретіне наразылық білдірген болатын.​ 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу