Араб шейхтарына Қазақстанның қорықтарында 276 жорға дуадаққа құс салуға рұқсат берілмек, деп хабарлайды zonakz.net.
Араб шейхтарына Қазақстанның қорықтарында 276 жорға дуадаққа құс салуға рұқсат беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің қаулы жобасы бар.
Құжатта "2019 жылдың 10 қазанынан 15 қарашасы аралығында өздерінің сұңқарларымен дуадақтарға құс салуға рұқсат берілсін", – деп жазылған.
Бір дуадақты алу үшін төлем мөлшері 260 АЕК шамасында бекітіледі.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстандағы СИТЕС әкімшілік органы құс салуды жойылып бара жатқан жабайы фауна мен флора түрлерін халықаралық сауда туралы конвенциясының рәсімдерін сақтап жүргізу үшін ҚР-ға аңшылық жыртқыш құстарды әкелу мен әкетуді қамтамасыз етуге тиіс. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары әкімдері аталған шараны ұйымдастыруға қажет көмекті көрсетсін", – деп жазылған құжатта.
Қаулы жобасы 18 сәуірге дейін көпшіліктің талқылауына шығарылды.