Араб теңізінде Ресей мен Қытайдың бірлескен жаттығулары өтті

1143

Бұған дейін Иран, Қытай және Ресей қарулы күштерінің "Теңіз қауіпсіздігі белдеуі" деп аталатын бірлескен әскери-теңіз жаттығулары басталған еді.

Араб теңізінде Ресей мен Қытайдың бірлескен жаттығулары өтті

Араб теңізінің батысында Ресей мен Қытай флоттарының бірлескен әскери-теңіз жаттығулары өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Жаттығу маневрлеріне Ресей тарапынан Тынық мұхиты флотының кемелері: "Варяг" зымыран крейсері, "Адмирал Трибуц" үлкен кемесі және "Борис Бутома" үлкен теңіз танкері қатысты. Қытайдан әскери-теңіз күштері "Үрімші" зымыран жойғышы және "Тайху" кешенді жабдықтау кемесі жіберілді.

Оқу-жаттығу барысында кемелер тактикалық маневрлер жүргізді, тексеріс жүргізу процесін пысықтады және ұсталған жүк кемені босату операциясын іске асырды. Сондай-ақ әскери күштер Ка-27ПС палубалық тікұшағының көмегімен "Адмирал Трибуц" кемесінен "Үрімші" жойғышына жараланған адамды жеткізуге машықтанды. 

Бұған дейін Иран, Қытай және Ресей қарулы күштерінің "Теңіз қауіпсіздігі белдеуі" деп аталатын бірлескен әскери-теңіз жаттығулары Үнді мұхитының солтүстігінде басталғаны жарияланған еді. Бағдарламаға сәйкес, түрлі тактикалық маневрлер жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, жанып жатқан кемені құтқару, басып алынған кемені босату, күндізгі және түнгі уақытта атыс жүргізу жаттығулары жүргізіледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу