Арабтар Ақтауда 35 қабатты тұрғын үй салады

1233

Арабтар Ақтауда 35 қабатты тұрғын үй салады

Маңғыстау өңірі басшысы Ералы Тоғжанов Біріккен араб әмірлігінен келген (БАӘ) шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян мен шейхтың Қазақстандағы өкілі Мұхаммед Бахушты қабылдады. Кездесу барысында аймақтың әлеуеті сөз болып, облыста іске асып жатқан жобалар таныстырылды, деп хабарлайды 7292info.kz.
Өз кезегінде шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян аймақ арасындағы іскерлік өзара іс-қимылдарды нығайту жолында тағы бір маңызды қадам жасауға ниетті екендігін айтып, Ақтау қаласында жүзеге асырылатын жобаларын көрсетті.

"Бүгін Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келдік. Алдағы уақытта ақмаржан Ақтау қаласының гүлденуіне біз де өз тарапымыздан үлес қосқымыз келеді. Алдымен теңіз жағасындағы үңгірлерді әдемілеп, ретке келтіруді қолға аламыз. Одан бөлек 35 қабатты тұрғын үй салу, соңғы үлгідегі мейрамхана, сауда орталықтары мен алаңдарды тұрғызуды да жоспарлап отырмыз. Туристерді Маңғыстау облысына тарту үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Жобалар қолдау тапса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады. Осылайша, алдағы уақытта да екі ел арасында табысты ынтымақтастық қатынас нығая түседі деп үміттенемін", — дейді шейхтың Қазақстандағы өкілі Мұхаммед Бахуш.

Сондай-ақ кездесуде екі тарап Маңғыстау облысы мен Біріккен араб әмірлігінің ұйымдастыруымен экономикалық форум және түйелер жарысын өткізуге уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу