Ол іссапарында "Abu Dhabi National Oil Company" (ADNOC) Бас директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесуде қос тарап геологиялық барлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.
Асхат Хасеновтің сөзінше, ҚМГ роуд-шоуды сәтті аяқтап, өз геологиялық барлау жобаларына инвесторлар (отандық және халықаралық) тартқан.
Бүгінгі уақытта ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасын жалғастыра отырып, сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілетін үш жаңа перспективті жобаны дайындап отыр. Мұнан бөлек, әңгімелесу барысында ADNOC компаниясының әлемдегі көшбасшылығы ескеріліп, мұнай-газ химиясы өнеркәсібінде ынтымақтастықтың елеулі әлеуеті атап өтілді. Сонымен қатар кездесуде энергетикалық жүйеге көшу және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралған.
Асхат Хасенов ҚМГ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, ADNOC компаниясын Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа жобаларына инвестиция құюға шақырған.
– "ҚазМұнайГаз" бен "Abu Dhabi National Oil Company" серіктестігі жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін едәуір арттырып ғана қоймай, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді ҚМГ басшысы.
Айта кетейік, ADNOC – 1971 жылы құрылған, Абу-Даби үкіметіне толық тиесілі әртараптандырылған жетекші энергетикалық топ. Компанияның интеграцияланған кәсіпорындар желісі энергетика саласының құны жоғары өнімнің барлық тізбегін қамтиды.
ADNOC әлемдегі көміртегі шығарындысы аз, мұнай-газ өндіретін ең ірі компаниялардың бірі саналады.