2012 жылы Лондон олимпиадасына қатысқан Дәулет Шабанбайға бүгін сол олимпиаданың қола медалі ресми түрде табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Осыдан 10 жыл бұрын өткен олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінген Артур Таймазов (Өзбекстан) пен Давид Модзманашвилиден (Грузия) допинг анықталған еді. Сол себепті бірі алтын, бірі күміс медальдан айырылды. Тәртіптік комиссия шешімімен 2019 жылы қола медаль Дәулет Шабанбайға бұйырды.
Сол бәсекеде павлодарлық балуан 120 келіге дейінгі салмақта ресейлік спортшыдан ұтылып, ақтық сынға жете алмаған еді. Ол бесінші орынмен жарысты аяқтаған болатын.
Ал бүгін Сербияда өтіп жатқан еркін күрестен Әлем чемпионатында жерлесімізге медаль салтанатты түрде табысталды.
Құндыз Қабылденова