"Арайлы Атамекенім": Алғыс айту күніне орай республикалық челлендж басталды

1056

Алғыс айту күніне арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен "Арайлы Атамекенім" республикалық челленджі бастау алды.  

"Арайлы Атамекенім": Алғыс айту күніне орай республикалық челлендж басталды Фото: Ашық дереккөз

Бастама қазақстандықтар арасында бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткізген ел бірлігі мен патриотизмді нығайтуға, рухани дамуға, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, басқалар үшін де жауапты болуға тәрбиелейді.

"Арайлы атамекенім" челленджіне кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін қолданып, пікіріңізді жазып, #АрайлыАтамекенім, #ArailyAtamekenim хэштегін белгілеп, әлеуметтік желі парақшасына жариялау қажет.

Одан әрі эстафетаны достарыңыз бен оқырмандарыңызға жолдауға болады. Челлендж республика бойынша 3-наурызға дейін жалғасады.

Айта кету керек, челленджді қолдап бастап кеткендер де бар. Олар қоғамдағы бірлік пен келісім, туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен мәдени ерекшеліктерін, дәстүрлері мен құндылықтары туралы пікірін жазып, алғыстарын білдіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу