Арақ пен сыра өндірісі артты

1308

Алкоголь өндірісі жылдық көрсеткіште ұлғайды. Атап айтсақ, арақ (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 25,3%-ға ұлғайып, 27,8 млн литрге жетті), сыра (+4,2%, 722,1 млн литрге дейін жетті), ликерлер мен басқа да ұқсас алкогольді ішімдіктер (+25,9%, 2,1 млн литрге дейін жетті) молайған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеп.

Арақ пен сыра өндірісі артты

Ал шарап өндірісі бірден 38,2%-ға қысқарып, 26,8 миллион литрге дейін төмендеді. Коньяк өндірісі де азайды (-11,7%, 9,4 млн литрге дейін).

Биылғы қаңтарда алкоголь өнімі былтырғыдан 7,2%-ға қымбат. Соның ішінде шарап пен сыра 8%-ға, арақ 6,2%-ға қымбаттады. Шарап кейінгі төрт жылда, ал сыра бағасы кейінгі екі жылда тым жоғары көтеріліп отыр.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, арақ Шығыс Қазақстан облысында (бір жылда 14,2%) елеулі мөлшерде қымбаттады. Ал Атырау облысындағы бағасы елеусіз өсті (3,4%). Шымкентте тіпті арзандаған (минус 2%).

Қалаларда бір литр арақ орташа 3 392 теңге тұрады. Жоғары баға елорда, Атырау және Ақтауда (3 864 тг), төмен баға Көкшетау, Өскемен және Таразда тіркелді.

Арақ пен ликер-арақ өнімдері көптеп импортталып та, экспортталып та жатыр. Экспорт жылдық динамикада 133 есе өсіп, 1,7 млн литрге дейін жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу