Арақ шығару үш есе төмендеді

1395

Былтырғы жылы арақ 10%-ға, ал сыра 8,5%-ға қымбаттаған. 

Арақ шығару үш есе төмендеді

2019 жылдың қорытындысы бойынша алкогольды сусындарды өндіру 2018 жылмен салыстырғанда 34,3%-ға ликер мен басқа да сусындар 32,7%-ға, коньяк 13,2%-ға қысқарған. 

Ал арақ пен коньякқа қарағанда жеңіл сусын саналатын шарап пен мен сыра шығару керісінше артқан. Яғни сыра 10,9%-ға, шарап 14,3%-ға өскен.    

Көрсеткіштің бұлай болуы қазақстандықтардың "қанды қыздыратын" арақтан гөрі жеңіл шарап пен сыраны таңдауымен байланысты болуы мүмкін.     

Өткен жылы алкогольді сусындардың бағасы айтарлықтай өсіп, тағы 8,6%-ды қосып алған. Бәрінен де арақ қатты қымбаттап, оның бағасы бір жыл ішінде 10,2%-ға өскен. Ал шарап бағасы 5%-ға сыра бағасы 8,5%-ға қымбаттаған.  

Еске сала кетр болсақ, алкогольді өнімдерге (коньяк, бренди, шарап, сыра және сыра сусындарынан басқа) арналған акциздер 2019 жылы жүзпайзды спирттің литрі 2550 теңгеге дейін өскен.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу