Арал ауданында қуаңшылықтан 596 бас мал қырылып қалған

875

Қуаңшылық зардабын жою үшін облыс әкімінің резервінен 250 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Арал ауданында қуаңшылықтан 596 бас мал қырылып қалған

Спикердің айтуынша биылғы жазда су тапшылығынан Қызылорда облысының Арал ауданы қатты зардап шеккен. 

"Арал ауданы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Облыстық бюджеттен 250 млн теңге қаражат бөлінді. Оның 50 млн теңгесі жол шығындары мен жем-шөпке жұмсалды. Қосымша Үкіметтен 1,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат та малшыларға субсидия ретінде берілді. Жамбыл және Түркістан, Ақтөбе облыстары жем-шөп мәселесін шешуге көмектесті. Биыл қысқа 800 мың тоннадан астам жем-шөп керек болса, шаруалар соның бәрін жинап үлгерді", – дейді өңір басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу