Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қызылорда облысы, Арал ауданында полицейдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр, – делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Күдікті осы кезге дейін тұрмыстық құқықбұзушылықтары үшін қайтыс болған учаскелік инспектор тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.