Арал ауданында жолда қалғандарға ыстық тамақ беріліп жатыр

Табиғаттың тосын мінезі "бізде қыс болмайды" дейтін қызылордалықтарды да әбден әбігерге салуда. 

Арал ауданында жолда қалғандарға ыстық тамақ беріліп жатыр Фото: Арал ауданының баспасөз қызметі

Бүгінде Арал қаласынан Ақтөбе облысына қарай бет алған 1000-ға жуық жолаушы тұрақтап тұр. Баласы бар 50-ге жуық әйел жайлы жерге орналастырылған.

Жолда қалған жолаушыларға жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар 10 қазан ыстық тамақ ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

2024 жылы 7 ақпан күні сағат 11:30 минуттан бастап, Ақтөбе облысын аумағында қатты боран болуына байланысты Ақтөбе бағытына қарай Арал қаласынан 20 шақырым қашықтықта жол патрульдік полицияның 6 инспекторы 3 автокөлікпен "Самара-Шымкент" автомобиль жол бойын жауып жұмыс істеуде.

"Бүгінгі күні Ақтөбе облысына бағыт алған барлығы 807 автокөлік (584 жүк көлігі, 13 жолаушылар көлігі, 210 жеңіл көлік) және 1000-ға жолаушы тұрақталуда.

Қазіргі таңда, жолдың жабық болуына байланысты арнайы штаб құрылған. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен жолаушыларға тегін ыстық тамақ (10 қазан палау) ұйымдастырылуда. Онымен қоса баласы бар 49 әйел және 16 ер адам колледж жатақханасына орналастырылды", - деп хабарлады Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері екі мезгіл жолаушыларды аралап, денсаулығына байланысты зерделеу жүргізсе, аралдық тұрғындар да жолда қалғандарға қолдан келген көмегін көрсетіп жатқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу