Арал ауданының әкімі инвесторлармен кездесті

556

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов өңір инвестициясы мен экономикасын ілгерілету бағытында бірнеше инвесторларды қабылады. 

Арал ауданының әкімі инвесторлармен кездесті Фото: Gov.kz

Олардың қатарында отандық және шетелдік бизнес өкілдері бар. "Асыл-тас" ЖШС-і "МАРШАЛ ЭНЭРДЖИ ХОЛДИНГС ГОНКОНГ КО., ЛИМИТЕД" мекемесімен біріге отырып, байытылған темір концентратын өндіруді көздеп отыр.

Айта кетейік, "Талдыеспе" кен орыны – 870 гектарды құрайды. Сексеуіл кентінен 50 км жерде орналасқан. "Асыл-тас 2017" ЖШС-не 2019 жылдың 24 желтоқсанында 6 жыл мерзімге №460-ЕL жер қойнауын барлауға рұқсат берілген.

Алдын-ала зерттеу бойынша кен құрамының 30 пайызы темір қоспасынан құралады. Аталған жоба жүзеге асса, Арал ауданында жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасын кеңейтуге мүмкіндік туады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу