Арал мен Каспий теңізінің мәселесі әлемдік деңгейде шешілуі қажет

Мұндай пікірді ІІ Astana Think Tank Forum-2025 халықаралық форумында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев айтып қалды.

Арал мен Каспий теңізінің мәселесі әлемдік деңгейде шешілуі қажет Фото: © Sputnik / Мария Науменко

Оның сөзінше, Қазақстан климат жөніндегі жаһандық күн тәртібіне қомақты үлесін қосады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бәріне белгілісі, Арал мен Каспий теңіздерінің экологиялық проблемаларын шешуге халықаралық деңгейде қатысуды күшейтпесе болмайды. 

– Тиімді климаттық саясатқа 2026 жылы Астанада өтетін өңірлік климаттық саммит септігін тигізеді. Ол Орталық Азия елдері арасында стратегияларды үйлестіру және ұжымдық шешімдер әзірлеу үшін платформаға айналады. Сонымен қатар, Астана Арал мен Каспий теңіздерінің экологиялық проблемаларын шешу мен суын сақтауға халықаралық деңгейде қатысуды күшейтуге шақырады, – деді Ержан Ашықбаев.

Сондай-ақ, министрдің бірінші орынбасары еліміз 2060 жылға таман көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді. 

Еске салайық, форумда Орталық Азия сараптамаларын әлемдік зерттеу қауымдастықтармен біріктіретін платформа іске қосылды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған іс-шараға әлемнің 20 елінен 40-қа жуық шетелдік сарапшы, жетекші "ақыл-ой орталықтарының" басшылары мен зерттеушілері қатысуда. Форум аясында өтетін 9 тақырыптық сессияда әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың негізгі бағыттары талқыланады, сараланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу