Арал маңында 35 мыңнан аса ақбөкен мекендейді

Әлеуметтік желіде киіктердің Қызылорда облысы, Арал қаласы маңында емін-еркін жайылғаны жайлы бейнелер жиі таралуда.  

Арал маңында 35 мыңнан аса ақбөкен мекендейді Фото: canva

Қар құрсауындағы Сахарада қорек таба алмаған ақбөкеннің алыс-жақын ауылға, тіпті қала шетіне қарай бет алуы заңдылық та сияқты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір Қызылорда облысы аумағында 60 мыңнан аса киік шоғырланса, оның 35 мыңға жуығы Арал ауданы шекарасында жүр. 

"Киіктің елді мекенге жақын жүруі – далалық аумақтарда қоректің азаюымен қатар, табиғи көші-қон жолында кедергінің көбеюі" дейді мамандар. 

– Арал ауданында тұрақтап қалуының себебі – "Бейнеу-Жезқазған" теміржолының төменгі бөлігінің сыммен қоршалғанынан. Біз желтоқсан айынан бастап теміржол мекемелерінен рұқсат алып, біраз жолды аштық, – дейді "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов. 

Биылдың өзінде инспекторлар 12 бас киік аталығының өлексесін тауып, залалсыздандырғанын айтады.

– Киіктердің өлім-жітімі – табиғи процесс. Жасы келгендері әрі қыстан шыға алмайтын ауру-сырқаулары қыстыгүні өледі. Қайта былтырғыға қарағанда биыл киіктердің өлімі көп тіркеліп жатқан жоқ, – дейді Расул Маханов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу