Арал өңірін жаңғыртуға бағытталған халықаралық симпозиум басталды

950

Арал өңірін жаңғыртуға бағытталған халықаралық симпозиум басталды

Бүгін Астана қаласында Арал өңірін жаңғыртуға бағытталған халықаралық симпозиум басталды. Симпозиум аясында "Аралдан Астанаға сәлем" атты бейнероик көрсетілді. Онда теңіздің бұрынғы күйі мен қазіргі келбеті көрініс тапқан, деп хабарлайды Қызылорда облысының баспасөз қызметі.
Айтулы шараға дүниежүзілік қаржы ұйымдары мен қауымдастықтардың, сондай-ақ, Арал өңірі тұрғындарының проблемасынан хабардар және осы мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында мемлекеттік сектор мен халықаралық қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр.
Онда Арал теңізін бұрынғы қалпына келтіру және экологиялық мәселелерін жою, әлеуметтік-экономикалық көмекті арттыру мәселелері талқыланатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу