Арал өңірінде күн электр станциясы салынбақ

918

Осы жылдың 10 қарашасында қуаттылығы 20 Мвт күн электр станциясы жобасын іріктеу бойынша өткен аукцион қорытындысында отандық "Тесис" ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. 

Арал өңірінде күн электр станциясы салынбақ Фото: inbusiness.kz

Жобаны Арал ауданында орналастыру жоспарланып отыр. Күн электр станциясы үшін 50 га аумақ бөлінбек. Келісімшарт бойынша жоба 2024 жылы іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ өңірлік директоры Мұрат Балабаевтың айтуынша, күн электр станциясының құрылысы өңірге инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға, электр энергиясы тапшылығының бір бөлігін жабуға, сондай-ақ атмосфераға шығарылатын CO2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысында қуаты 89 Мвт-ты құрайтын 9 күн электр станциясы жұмыс істейді.

"Осы жылдың 9 айында жаңартылатын энергия көздері объектілерімен өндірілген электр энергиясының көлемі 3,9 млрд кВт-сағатты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артты. ЖЭК-тің үлесіне елімізде өндірілген барлық электр энергияның 4,6%-ы тиесілі", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, республикада жиынтық қуаты 2388 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 130 нысаны бар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу