Республикалық бюджет есебінен Арал шөгінді бассейнінде (Батыс және Шығыс учаскелерінде) геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды.
Нәтижесінде, 1,1 млрд тонна көмірсутектің болжамды ресурсы анықталды. Энергетика министрлігі оны игеру бағытындағы іс-шараларды аукцион арқылы әлеуетті инвесторларға ұсынады.
– 2024 жылы Сырдария шөгінді бассейнін зерттеу басталды. Жұмыс 3 жылға жоспарланған, 2027 жылы аяқталады. Мердігер – "Азимут Геология" серіктестігі, жоба құны – 4,3 млрд теңге. Жалпы зерттеу жұмысының көлемі 3 100 шақырымға созылды, оның ішінде Қызылорда облысына тиесілі бөлігі – 1 575 шақырым (Жаңақорған және Шиелі аудандары). "Саутс ойл" серіктестігі "Құмкөл" кен орнының Қарағансай учаскесінде дәстүрлі емес көмірсутекті, яғни тақтатас мұнайын игеруге кірісті, – деді басқарма басшысы Мөлдір Тәуіпбаева.
Іргелі іске Қытайдан мамандар тартылды. Олар жаңа өндіру әдісіне көшті. Жоба бойынша тәулігіне 70 немесе жылына 25 мың тонна мұнай өндірілуі қажет.