Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Қ. Сәрсенбаев Қызылорда облысы Сырдария ауданында 1961 жылы дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын "Инженер-гидротехник", Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдастырушы-экономисі", Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист-бухгалтер", Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария су шаруашылығы басқармасының инженері ретінде бастаған. Әр жылдары осы басқармада аға инженер, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
1986-1997 жылдары Сырдария ауданында түрлі басшылық қызметте болды.
1997-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
2013-2020 жылдары Шиелі және Жалағаш аудандарының әкімі болып еңбек етті.
2020-2023 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшының орынбасары болды.