Арал теңізін құтқаруға Оңтүстік Корея 1,5 млн АҚШ долларын бөледі

782

Арал теңізін құтқаруға Оңтүстік Корея 1,5 млн АҚШ долларын бөледі

Оңтүстік Корея Республикасы Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу үшін 1,5 млн АҚШ долларын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл Қазақстан мен Оңтүстік Корея Республикасы  арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сай жүзеге асырылмақ.  Ол қаржыға ауыл шаруашылығымен айналысатын елді-мекендердің аумағын Арал теңізінен ұшқан шаң мен тұздардан қорғайтын сексеуіл егіледі. 

"Жасыл белдеулер" құру жобасын жасау арқылы, Арал теңізінің Қазақстан бөлігіндегі табиғи ресурстардың экожүйелерін сақтап,  жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жасартуға қол жеткізілмек.  Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша облыста қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. 

"Өткен жылы Ресей, Дания, Грузия, Польша, Әзірбайжан елдеріне 3 604 тонна балық өнімдері экспортталған. Бұл соңғы үш жылда 5 есеге артып отыр. Облыс кәсіпкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, Ресейдің Дмитровград қаласында балық өңдеу зауытын ашып, Арал балығын өңдеуде", - дейді Еркебұлан Бекжанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу