Арал теңізіне 996 млн текше мер су жіберу жоспарлануда

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан  "Достық" каналы бойынша 920,07 млн текше метр көлемінде су беру бойынша үшжақты келісімге келді. 

Арал теңізіне 996 млн текше мер су жіберу жоспарлануда Фото: egemen.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Көршілес елдермен су-энергетикалық ынтымақтастық бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстан су шаруашылығы және энергетика ведомство басшыларының кездесуі аясында вегетациялық кезеңде Тоқтоғұл су қоймасынан су ағызуды қамтамасыз ету кестесі бекітілді. Осы кестеге сәйкес "Достық" каналы бойынша 920,07 млн текше метр көлемінде су беру жоспарланған. Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 4 221 млн текше метр көлемінде су жиналады деп болжануда, оның ішінде Арал теңізіне су беру – 996 млн текше мерді құрайды.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап жазғы уақытта жоғарғы су қоймаларынан қосымша су жіберуді қамтамасыз ету үшін 2023 жылдың маусым-тамыз айларына арналған "Бахри-Точик" су қоймасының жұмыс режимін келісу үшін Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан арасында үшжақты келіссөз жүргізуді жоспарлауда.

Бұл ретте, Қызылорда облысының әкімдігіне өткен жылғы деңгейден күріш егу алаңын ұлғайтпау ұсынылуда. Түркістан облысының әкімдігіне Мақтаарал және Жетісай аудандарында Достық каналының бойында күріш егуге жол бермеу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу