Арал теңізінің деңгейі 48 сантиметрге дейін көтерілді

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің хабарлады.  

Арал теңізінің деңгейі 48 сантиметрге дейін көтерілді Фото: inform.kz

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 сантиметрге дейін көтерілді.

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов хабарлағандай, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден, 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын.

"2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48 сантиметрге дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды. Былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн м3 су құйылған, биыл 2 айдың өзінде 803 млн м3 су келді", – деп хабарлады өңір әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу