Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады

1370

Арал теңізінің құрғаған түбінің ауданы 4,5 млн га, оның ішінде Қазақстан аумағында - 2,2 млн га, Өзбекстан - 2,3 млн га.  

Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2030 жылға дейін Арал теңізінің құрғаған түбіндегі 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызылатынын айтты деп жазады inbusiness.kz

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз сексеуіл отырғызудың кешенді бағдарламасын әзірлеудеміз. 2021-2030 жылдары осы аймақтың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін 1,1 млн гектар алқапқа сексеуіл отырғызу міндетін қойдық", – деді министр халық алдында есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар экология министрі 1990 жылдан 2021 жылға дейін 195 мың гектар алқапқа, яғни Арал теңізінің қазақстандық секторының құрғатылған ауданының 9 пайызына сексеуіл отырғызылғанын мәлім етті.

Жыл сайын теңіз түбінен 100 миллион тоннаға дейін тұз бен шаң тазартылып, мыңдаған шақырымға тасымалданады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу