Аралас мектептер бала тәрбиесіне кері әсер етеді

841

Бүгінде елордада 15 мың оқушыға орын жетіспейді, бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 90 мыңға жетеді деген болжам бар.

Аралас мектептер бала тәрбиесіне кері әсер етеді

Мектеп тапшылығы мәселесін шешу үшін салынған аралас тілді мектептер ұлт үшін қауіпті – деді  сарапшылар MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында өткен тікелей эфирде.

Эфир барысында Нұр-СұлтандаBi Group компаниясы салған BINOM School мәселесі қозғалды. Әуел баста қазақ мектебі болады деген жалаумен ашылған инновациялық мектеп кейін аралас жүйеге көшкен. Оның себебін модератор аталған мектептің директоры Шолпан Қадыровадан сұраған болатын, алайда тұщымды жауап болмады.

"Биыл бірінші сыныпқа өтінім бергендердің 70%-ы қазақ тілді балалар. Қалған ата-аналар орыс тіліндегі сынып ашуды сұрайды. Бүгінде елімізде аралас тілді мектептер саны көбеюде. Бірақ таза орыс тілінде оқытатын мектептер азайды. Себебі, олар орыс мектебінен аралас тілді мектепке айналып жатыр",- деді Шолпан Қадырова.

Эфир модераторы Ерболат Мұхамеджанның пікірінше, аралас мектептер, бала тәрбиесіне кері әсер етеді.  Бүгінде олардың 90%-ында жиналыс, тәрбие сағаттары орыс тілінде өтіп, қоңырау уақытында оқушылар ресми тілде сөйлеседі.

"Елімізде аралас мектептер саны 30%-ды құрайды. Білім және ғылым министрлігіндегі Ұлттық білім беру деректер қорының 2021 жылғы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2047 аралас тілді мектепте білім алуда.  Аралас мектептердің саны басым өңірлердің көшін Алматы облысы бастап тұр. Ондағы 306 аралас мектепте 256 020 оқушы білім алуда.  Маңғыстау облысындағы  15 аралас мектепте 25 744 бала оқып жатыр",- деп атап өтті Ерболат Мұхамеджан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу