7 тамыздан 8 тамызға қараған түні Көкарал бөгетінің төменгі жағында, кіші Арал теңізінде түнгі 3 шамасында балықтың жаппай қырылуы тіркелді. Бұл туралы АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Қызылорда орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық территориялық инспекциясы мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Сонымен қатар,оқиға орнына балықтың бұдан әрі қырылуына жол бермеуге әрі себебін анықтау үшін комиссия барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу