Арал ауданында Ұлы Жеңістің 72 жылдығында Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеуге қатысқан, Семей полигоны мен Чернобыль апатын қалпына келтіруге қатысқан азаматтардың құрметіне арналған ескерткіш тақта жаңғыртылып, қайта ашылды.
Cалтанатты шарада аудан әкімі М.Оразбаев елі үшін өмірін ажалға байлаған азаматтар жайлы айтып, тарихты ұлықтау жас ұрпақ бойына патриоттық тәрбие қалыптастыратынын жеткізді.
Осы оқиғаларға қатысқан азаматтардың басын біріктірген ұйым төрағалары атқарылған игі іске ризашылығын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді. Жиналған қауым ескерткіш тақтаға гүл қойды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу