Аралда кәріз құдығына құлаған түйе құтқарылды

447

Қызылорда облысының Арал қаласында кәріз құдығына құлап кеткен түйені Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Аралда кәріз құдығына құлаған түйе құтқарылды Фото: Бейнежазбадан.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үйдің ауласынан тыс орналасқан кәріз құдығында болған.

– Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы техника мен жабдықтың көмегімен түйені құдықтан сәтті шығарып алды, – делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ құтқарушылары кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және қажет болған жағдайда адамдармен қатар жануарларға да көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу