Аралда кәсіпкерлер саны артып келеді

1148

Аралдық кәсіпкерлердің басым бөлігі "Бизнестің жол картасы", "Агробизнес", "Бизнес бастау" бағдарламалары арқылы бизнесін дамытты.

Аралда кәсіпкерлер саны артып келеді

Бүгінге дейін ауданда 4206 кәсіпкерлік субъект тіркелген болса, олардың 3665-і тұрақты жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде ауданда 7547 адам тұрақты жұмыс тапқан.

Аралдық кәсіпкерлердің басым бөлігі "Бизнестің жол картасы", "Агробизнес", "Бизнес бастау" бағдарламалары арқылы бизнесін дамытты.

Биылғы алты айда үш бірдей кәсіпкерлік нысан ашылып, тұрғындарға қызмет етуде. Жеке кәсіпкер Гүлмира Наурызова мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 14 миллион теңге несие алып, фитнес орталық ашқан. "Айбар" деп аталатын жаңа фитнес орталықта күніне 30-40 адам спортпен айналыса алады. Қалада "Нұр" қонақ үйі, "Ай-Жұлдыз" жол бойы қызмет көрсету сервистері жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында несие алған қос кәсіпкер өз бизнесін жандандырып отыр. "Ай-Жұлдыз" қызмет көрсету кешені ашылғалы бері кәсіпкер 50 адамға жұмыс көзін тауып берген.

Жыл соңына дейін 13 нысанды ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 121 адамның жұмыс табуына мүмкіндік бермек.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу