Аралда кісі қолынан көз жұмған полицейдің өліміне күдікті ұсталды

316

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторының өліміне күдікті адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аралда кісі қолынан көз жұмған полицейдің өліміне күдікті ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

– Бұған дейін хабарланғандай, Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу