Қызылорда облысының Арал ауданы прокуратурасымен денсаулық сақтау саласына жүргізілген талдау барысында мүгедектігі бар азаматтарға медициналық көмек көрсетуде бірқатар заң бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бейінді мамандармен созылмалы аурулары бар азаматтарды жоспарлы қарап-тексеру талаптары сақталмаған. Нәтижесінде 264 мүгедектігі бар азаматқа (оның ішінде 81 кәмелетке толмағанға) тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген. Сонымен қатар аудан бойынша ангиохирург маманының болмауына байланысты 38 азамат қажетті медициналық қараудан өтпеген", – делінген хабарламада.
Аталған фактілер мүгедектігі бар азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуқұқықтарының бұзылуына әкеп соққан.
Азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуы прокуратура органдарының ерекше бақылауында.