Аралда жаңа күн электр станциясы іске қосылмақ

287

Кездесуде "Plenitude Алхена" ЖШС-ның басқарушы директоры, техникалық менеджері, жоба үйлестірушісі және "BI Indnstrial" компаниясының жоба басшысы мен компаниясының  өндірістік учаске бастығы болды.  

Аралда жаңа күн электр станциясы іске қосылмақ Фото: gov.kz

Арал қаласында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың "Plenitude Алхена" және "BI Industrial" компанияларының өкілдерімен кездесуінде талқыланды.

Жобаны "Альхена" ЖШС жүзеге асыруда. Инвестиция көлемі – 8,2 млрд теңге. Станцияны 2026 жылдың IV тоқсанында іске қосу жоспарланған. Жоба іске қосылғаннан кейін 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 80 пайызы аяқталған. Жоба бойынша 7 665 трекер жүйесінің тірегін орнату жоспарланса, оның 3 762-сі қазірдің өзінде орнатылған. Станцияға барлығы 41 441 фотоэлектрлік панель қойылады. Панельдерді монтаждау қыркүйектің екінші аптасында басталады.

Сонымен қатар жоба бастамашылары өндірілетін электр энергиясын "Plenitude Kazakhstan" компаниясына сату жөніндегі келісімшарттарға қол қойған.

Жоба Арал өңірінің жаңартылатын энергетика әлеуетін дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Аудан әкімі нысанның белгіленген мерзімде әрі сапалы іске қосылуы басты назарда болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу