Аралдың құрғаған табанына сексеуіл егіледі

1406

Қызылорда облысының Арал ауданында "Арал теңізінің құрғап қалған түбін көгалдандыру: сексеуіл өсірудің жабық тамыр жүйесін тәжірибеге енгізу" ұлттық демонстрациялық жобасы аясында екі сексеуіл жылыжайы және туманарий ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігіне сілтеме жасап.  

 Аралдың құрғаған табанына сексеуіл егіледі

Демонстрациялық жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен "Орталық Азиядағы Нексус Диалогы" жобасы ("Нексус" жобасы) аясында жүзеге асырылуда.

Ашылу салтанаты кезінде Аралды көгалдандырудың тиімді әдісін тексеруге мүмкіндік беретін жабық тамыр жүйесінде өсірілетін сексеуілдің алғашқы тұқымдары отырғызылды. Жылыжайда осы тұқымдардан өсірілген кем дегенде 2000 сексеуіл көшеттері ашық топыраққа 9-12 айда отырғызылады. Екі жыл ішінде бұл көшеттер Аралқұмның 10 гектарға дейінгі алқабын жауып, 8000 тоннаға дейін құм жинай алады деп күтілуде.

"Біз Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің мақсаттарына сәйкес "Нексус" жобасы арқылы Солтүстік Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін қолдауға қуаныштымыз", – деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі, Жоғары Мәртебелі Свен-Олов Карлссон. 

Арал теңізінің құрғап қалған түбін көгалдандыру шөлейттенуге қарсы және тұзды топырақты азайтудың тиімді әдістерінің бірі болып саналады. 

"Ғылыми бақылауларға сәйкес, бұл әдіс көшеттердің бейімделудің және тіршілік етудің жоғарылауына (90% дейін) және ерте пісуіне әсер етіп, тұқымдарды 2-3 жыл бұрын жинауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының  директоры Болат Бекнияз.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу