Аралдың тартылған табанынан тұщы су көзі табылды

2779

Арал теңізінің ұлтанынан жылына 100 мың тонна тозаң ауаға көтеріледі екен. Тіпті соңғы жылдары тұзды жауын да жауа бастаған.

Аралдың тартылған табанынан тұщы су көзі табылды

Үлкен Арал теңізінің ұлтанынан ішуге жарамды су көзінің табылуын өзбекстандықтар жақсылыққа балап отыр. Өйткені тұщы су қоры бұрын биологиялық қалдықтар көмілген, былайғы жұрт "Барсакелмес" деп атап кеткен аралдан табылған, деп хабарлайды 24.kz.

Барлау жұмыстарын жүргізген көрші елдің өкілдері жалпы Қарақалпақстанның Шымбай, Тақтакөпір және Қара-ұзақ аудандарында тағы бірнеше су көзі бар екенін мәлімдеген. Соның негізінде биылғы жылы Арал теңізінің ұлтанынан жалпы 50-ге жуық атрезиан қазып, құм басып қалған құдықтардың көзін аршуды көздеп отыр.

Оған қоса оңтүстіктегі көршілер теңіздің қуаң тартқан бөлігін жасыл желекпен көмкеру және жағалаудағы халықтың әлеуетін арттыру мақсатында арнай жол картасын жасаған. Күні бүгінге дейін 5,5 миллион гектар аумақты алып жатқан теңіз ұлтанының 400 мың гектар жеріне сексеуіл мен қандым сияқты өскіндер отырғызылыпты. Алдағы он жылда оның көлемін бір миллион герктарға жеткізу жоспарланыпты.

Жалпы Арал теңізінің ұлтанына жылына 100 мың тонна тозаң ауаға көтеріліп, ұшады екен. Тіпті соңғы жылдары тұзды жауын да жауа бастапты. Аймақтық мәселеден жаһандық жанайқайға айналған Арал проблемасы енді БҰҰ алаңында талқыланбақ.

Экологтардың айтуынша, теңіз ұлтанындағы жер асты сулары ауыл шаруашылық саласын жетілдіруге, яғни құнарлы жайылымдар мен мал шаруашылығы фермаларын құруға мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу