Арандатушылар жазаланады – Мемлекет басшысы

1039

Президент төтенше жағдай кезінде қауесеттер мен арандатушылық ақпараттарды тарату жөніндегі жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды.  

Арандатушылар жазаланады – Мемлекет басшысы

"Мұндай ақпаратты таратудың кез-келген әрекетін қатаң түрде болдырмау керек, авторларды анықтау және жазалау керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссия отырысында.   

Ол халыққа кез-келген ақпаратқа көзсіз сене бермеу керектігін, арандатушылар мен ақымақ адамдарға біздің азаматтарымыздың сенімін бұруға жол бермеу керектігін түсіндіруді тапсырды.

Жаңа алгоритмге сәйкес, мемлекеттік органдардан коронавирус туралы барлық ақпарат біріктірілген ақпараттық орталыққа келіп түседі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі 23 наурыздан бастап күнделікті режимде брифингтер өткізеді. Coronavirus2020.kz арнайы сайты құрылды, ол арқылы қазақстандықтар пандемияның жаһандық ахуалы және қабылданған шаралармен таныса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу