Аймақтағы жылан өсіретін фермалардың бірін су шайып, салдарынан шамамен 900 жылан қоршаудан шығып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті биліктің мәліметінше, өңірде бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр мен тайфунының әсерінен су қоймалары арнасынан асып, бірқатар ауылды су басқан.
Жергілікті ақпарат құралдары қашып кеткен жыландардың басым бөлігі улы емес су жыландары болғанымен, олардың арасында кобра секілді улы түрлердің де барын растаған. Осыған байланысты құтқарушылар мен арнайы мамандар тұрғындарға жыландарды өз бетінше ұстауға әрекет жасамауға және оларды байқаған жағдайда дереу тиісті қызметтерге хабарлауға кеңес берген.
Оқиғадан кейін жергілікті билік арнайы топ құрып, жыландарды аулау операциясын бастады. Кейбір деректер бойынша, бірнеше тұрғынды жылан шағып, медициналық көмекке жүгінген. Десе де, адам өлімі туралы ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Жаза кетейік, Қытайдың оңтүстігінде жылан өсіру шаруашылығы кең тараған. Мұнда жыландар дәстүрлі медицинада қолданылатын шикізат пен тағам өндірісі үшін арнайы фермаларда өсіріледі.