Арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

999

Біріншілікте озып шыққандар еліміз намысын әлем чемпионатында қорғайтын болады.

Арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

Алматыдағы "Halyk Arena" көпфункционалды кешенінде арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Чемпионатта 15 облыстан 100-ге жуық параспортшы бақ сынады. Ел біріншілігін тұңғыш рет аккредиттелген спорттық би федерацияларының қауымдастығы өткізді.  

"Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Қатысушылар үшін барлық жағдайды жасадық. Енді 2019 жылы әлем чемпионатын күтеміз. Өтетін орны мен күні жақын арада белгілі болуы керек", - деді чемпионат төрешісі Алексей Верига.  

Оның айтуынша, біріншілікте озып шыққандар еліміз намысын әлем чемпионатында қорғайтын болады. Бүгінгі жарыс күнінде қатысушылар әдемі ырғақ билерін көрсетіп, фристайл мен сингл биледі. Танго, вальс, самба, румба, джайвтан өзара мықтылар анықталды. Бірінші жарыс күнінде комби стандарт, комби латина және дуо стандарттан жеңімпаздар белгілі болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу