Арбаттың барлық жаяу жүргіншілер аумағына видеобақылау камералары орнатылады

401

Алмалы ауданы тұрғындарымен  кездесуде алматылықтар мопедтер мен скутерлер мәселесін көтерді.  

Арбаттың барлық жаяу жүргіншілер аумағына видеобақылау камералары орнатылады Фото: kazpravda.kz

Бұған қатысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өз ойын ортаға салды. 

"Біз мопедтер мен электр скутерлері көлік құралдары деп танып, нөмірлері болуға міндеттейтін заңға шешім мен толықтырулардың енгізілуін асыға күтеміз, содан кейін полиция департаменті мен әкімшілік полиция басқармасы қажетті шараларды қабылдай алады. Олар жиналған жерлерде қосымша камералар орнатылуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, бұл адамдарды тәртіпке келтіреді. Біз Алматы әкімдігінің атынан электр скутерлерінен басқа, мопедтерді 50 текшеден аз көлікпен тану туралы ұсыныс енгіздік. Оларға айыппұл салу мүмкін емес, өйткені олардың заңды мәртебесі жоқ. Жұмысты жалғастырамыз, ал Арбат бойынша – цифрландыру басқармасымен бүкіл жаяу жүргіншілер аймағында камералар орнатамыз. Аулаларда, егер шлагбаумдар орнатуға болатын болса, аудан әкіміне, полиция департаментіне осы ұсынысты қолдауды тапсырамын. Заңнамалық реттеудің арқасында  тәртіп  қолға алынатын болады", – деді қала әкімі. 

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, Арбатта патруль күшейтіледі.

"Барлығы бақылауда, скутерлер бойынша Мәжілісте шешім қабылданды, мопедтер бойынша – қарау сатысында. Арбатқа келетін болсақ, біз шара қолданамыз, патрульді күшейтеміз", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу