Шетелде білім алып жүрген студенттердің саны бойынша әлемдегі ең үздік 15 елдің арасында Қытай (1 млн-нан астам студент) көш бастаса, Қазақстан тізімнің соңында (78 мыңнан астам студент) тұр.
Дегенмен, ел тұрғындарының шетелде оқитын студенттерге қатынасын есептейтін болсақ, әлемдегі топ – 3 елдің қатарына Сирия, Өзбекстан және Қазақстан кіреді. Қазақстанның әрбір 250-тұрғыны шетелде білім алып жатыр.
ЖІӨ деңгейін талдау көрсеткендей, Сирия, Непал, Өзбекстан және Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері төмен болғанына қарамастан, бұл елдер өз жастарын шетелге озық білім алуға жіберуге тырысып келеді.
Мысалы, Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы мәліметінше, Қазақстан ЖІӨ деңгейі бойынша әлемде 54-орында, бірақ шетелде білім алатын студенттер саны жағынан әлемдегі ТОП-15 елдің қатарына кіреді.
- Қазақстанда шетелде білім алатын студенттер санының қысқаруының тұрақты үрдісі байқалып отыр. 2019-2022 жылдары олардың саны 11 мың студентке немесе 12%-дан астамға қысқарды;
- Шетелде білім алатын студенттер санының азаюы Қазақстандағы жоғары білімнің дамығанын танытып отыр;
- Қазақстан ЖІӨ мен халық санының төмендігіне қарамастан, шетелде білім алатын студенттер саны бойынша әлемдегі топ – 4 елдің қатарына кіріп отыр.
- Ел ішінде білім сапасын арттырмай, шетелде білім алатын студенттер санының одан әрі қысқаруы әсіресе, Қазақстан мен Өзбекстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық үшін күресі жағдайында ел үшін жоғары сапалы кадрлардың қайта өндірілуіне қауіп төндіруі мүмкін.