Әрбір бесінші қазақстандық құмар ойын ойнайды

898

Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды.  

Әрбір бесінші қазақстандық құмар ойын ойнайды Фото: ult.kz

Ажырасулардың 40 пайызына лудомания тікелей себеп болып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат араға 1,5 жыл салып ойын бизнесін реттеу бойынша заң жобасын қолға алып отырғанын жеткізді. Сөзінше, құжатқа Үкіметтен қорытынды алу оңай болмаған.

"Әдетте басқа заңдар бойынша қорытындыны 1-2 ай күтетін болсақ,  ал бұл заңға келгенде тым созылып кетті. Екі шақырылымдағы депутаттық тәжірибемде осыншама ұзақ уақыт бойы Үкімет қорытындысын алуды бірінші көріп отырмын. Демек, мұның айналасында мүдделі топтар, лоббистер бар деген сөз. Яғни мұнда үлкен қаражат айналып жатыр. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен екен", - деді халық қалаулысы.

Ол құмар ойындары жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, алдыңғы орынға шыққанын айтты.

"Деректерге жүгінсек, соңғы екі жарым жылда еліміздің әрбір бесінші адамы ойын ойнайды екен немесе құмар ойындарына қандай-да бір қатысы бар. 400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Ажырасулардың 40%-на осы лудомания тікелей себеп болып отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындардың дені – осы құмар ойынға шалдыққандар. Мәселен, 2022 жылы елімізде 3 мың 676 адам өзіне қол жұмсап қайтыс болса, олардың әрбір бесіншісінің себебі – лудомания",- деп жалғастырды спикер Мәжілісте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу