Әрбір қазақстандық несие ұйымдарына 904 мың теңге қарыз

1596

Несиелердің 90 пайызы екінші деңгейлі банк арқылы алынған.

Әрбір қазақстандық несие ұйымдарына 904 мың теңге қарыз

Әрбір қазақстандық несие ұйымдарына 904 мың теңге берешек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға көп, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал жалпы алғанда қарыз мөлшері шілде айының соңында 5 трлн 700 млрд теңгені құрады. Несиелердің 90 пайызы екінші деңгейлі банк арқылы алынған. 4,8 пайызы микроқаржы ұйымдарына тиесілі.

Онлайн несиелеу компаниясы мен өзге де орталықтарға жүгінгендер саны 2,1 және 0,2 пайызды көрсетті.

Шілде айында банктер жеке тұлғаларға ең көп мөлшерде, яғни 395 млрд 100 млн теңге қарыз берген. Ал ең төменгісі ақпан айында рәсімделіпті. Ол кезде қаржы мөлшері 274 млрд 200 млн теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу