Әрбір қазақстандық орташа есеппен жылына 56 келі ет тұтынады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз маслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz.
ҚР ҰЭМ есебі бойынша, әрбір қазақстандық жылына 40 келі қант, 130 келі нан, 73 келі ет және ет тағамдарын тұтынады екен.
"Сіздер білесіздер ме, етті тұтыну жағынан әлем бойынша бірінші орында қасқырлар, екінші орында қазақстандықтар деген пікір бар еді ғой. Алайда, бүгінде мүлде олай емес. Етті тұтыну жағынан бірінші үштікке Люксембург – 136 келі, АҚШ – 125 келі, Аустралия– 121 келі кіріп отыр. Ал Қазақстанның әрбір тұрғыны орташа есеппен 55,8 келі ет тұтынады. Біз бірінші орынды да, екінші орынды да иеленбейміз",-деді Руслан Дәленов.