Әрбір қазақстандыққа 4,7 тонна мұнайдан келеді

987

Әрбір қазақстандыққа 4,7 тонна мұнайдан келеді

Қазақстан мұнай өндіруден жан басына шаққанда Ресей, Иран, АҚШ-ты басып озды. Елде әр адамға шаққанда шикізат көлемі 4,7 тонна, яғни, шамамен 34 баррельді құрайды, деп хабарлайды astanatv.kz.

LS порталы ірі мұнай өндіруші елдердің қара алтынды өндіру көлемі мен экспортын салыстырды. Сараптамаға сүйенсек, экспорттаушы алып алты елдің арасында Саудия көш басында. Ал, БАӘ жан басына шаққандағы шикізат үлесінен алда тұр. Ол -18 тонна, яғни, 122 баррельді құрайды. Алайда, БАӘ-де небәрі 10 миллионға жуық адам тұрады. Халық саны бойынша рейтингтегі алты елдің ішінде ең төменгі орында. Сондықтан, әр адамға шаққандағы мұнай үлесі сәйкесінше көп болмақ.

Енді экспортталатын мұнай көлемін салыстырсақ, Қазақстанда қара алтынның әр адамға үлесі 3,7 тонна. Ал, Ресей тізімде біздің елден кейін тұр. Жалпы, 147 млн-ға жуық ресейліктердің әрқайсысына 1,7 тонна мұнайдан келеді.

Айта кетейік, Қазақстан жылына 490 млн баррель мұнай экспорттайды. Ал, Ресейде бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары деңгейде. Олар бір жылда 2 млрд баррель мұнайды сыртқа саудалайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу