Әрбір қазақстандықтың 9 мың доллардан аса қарызы бар

1246

 Әрбір қазақстандықтың 9 мың доллардан аса қарызы бар

Қазақстанның қарызы жеті ай бойы өсімін тоқтатпай, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша, 167,89 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Бұл – әрбір қазақстандықтың 9300 доллар қарызы бар деген сөз.

Экономист Алмас Чукин мемлекеттің үлесі бар компаниялардың қарызы алаңдатарлықтай екенін айтады. Өйткені олар мемлекеттік қарыз құрылымында көрсетілмейді екен.

"Біздің квазимемлекеттік сектор қарызды көп алды. Зейнетақы қорынан төлеу керек болғандығына қарағанда, бұл өте үлкен қарыз және мұндайды тоқтату керектігі айтылып жатыр. Өйткені бұл қарыз көрінбейді. Олар сырттан қарыз алады, ал аяғында оны бюджет есебінен төлеуі тиіс болады. Бұл алаңдатарлық жағдай", – дейді Чукин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу