Әрбір оныншы қазақстандық шетелге шыға алмауы мүмкін

674

Әрбір оныншы қазақстандық шетелге шыға алмауы мүмкін

Салықты уақтылы төлемегені үшін әрбір оныншы қазақстандық ел аумағынан шыға алмай қалуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің хабарлауынша, елордада салық пен айыппұлды төлемей отырған 70 мыңға тарта азамат бар.

"Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармасымен 1000-ға тарта салық төлемеушілерге қатысты тыйым салу шарасы қолданылып, бұл жағдай белгіленген уақытта ел аумағынан ұшып кету жағдайларын тоқтатуға әкеп соқтырды", - делінген хабарламада.

Салық қызметі шетелге сапар алдында жайсыз жағдай болмас үшін азаматтар өзінің барлық қарызын қайта тексеріп, ҚР салық заңнамасының бұзылуына жол бермеуі керектігін ескертеді.

Салықты уақтылы төлемейтіндер арнайы мәліметтер базасында тіркелген. Ол туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (www.kgd.gov.kz) көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу