Кездесу басында У.Хүрэлсүх Қазақстандағы соңғы уақыттағы қайғылы оқиғалардың салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтып,
"Қазақстан үшін осындай қиын-қыстау кезеңде Моңғолия бауырлас халықты қолдайды және Қазақстанның Президенті де, халқы да даналы шешімдер қабылдайтынына сенім білдіреді. Қажет болған жағдайда Моңғолия көшпенділер мәдениеті байланыстыратын Қазақстан халқына кез-келген көмек көрсетуге дайын. Әрбір сындарлы уақытта біздің жүрегіміз Қазақстан халқымен бірге!", – деп мәлімдеді.
Өз кезегінде, Ж. Әділбаев моңғол тарапына 2022 жылдың қаңтар айының басында еліміздің бірқатар өңірінде болған оқиғалардың желісі, сондай-ақ олардың негізгі салдарлары туралы толық айтып берді.
Сонымен қатар Елші Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты өзінің іргелі қағидаттарына берік екенін және шетелдік инвесторлар мен дипломатиялық корпустың барлық құқықтары қазақстандық билік тарапынан қорғалатынын атап өтті.
Бұдан басқа, тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілетін екіжақты ынтымақтастық және бірлескен іс-шаралар мәселелері бойынша пікір алмасты.