Әрбір төртінші доллар өңдеу өнеркәсібіне салынған - Жеңіс Қасымбек

683

Әрбір төртінші доллар өңдеу өнеркәсібіне салынған - Жеңіс Қасымбек

Бүгін ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы пленарлық отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Кеңестің өткен жылғы отырысы жаңа энергия мәселелеріне арналған еді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрдің айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылданып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік актілер әзірленген, сондай-ақ, олар көші-қон процестерін реттеу туралы заң мен экологиялық кодекске міндетті түрде енгізілетін болады.

Одан бөлек, "технология бойынша шарасыздықтан жағылатын газ" ұғымын ашу туралы ұсыныс қабылданды және ол "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексте көрсетілді.

Салықтық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау және валюталық реттеу туралы ұсыныстарды орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, министр 2017 жылы Қазақстанның экономикасына салынған әрбір төртінші доллар өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тигенін, өңдеу өнеркәсібі инвесторлардың қызығушылығын арттырған сала екенін айтты.

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды.

"Соңғы алты жылда ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес заңнамаға біршама өзгерістер енгіздік, олар: рұқсат беру жүйесін жеңілдету, салық салу, кедендік бақылау, көші-қон және визалық режимде заңнаманы жетілдіру және басқалар", - деді Жеңіс Қасымбек.

Инвесторлардың мәселелерін жүйелі шешу үшін кеңестің бірлескен жұмыс тобымен жұмыс жүргізілуде, премьер-министрдің төрағалық етуімен тұрақты түрде кездесулер мен ай сайын үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кеңестің отырыстары өткізіліп тұрады және осы аталғандардың барлығы елдегі инвестициялық ахуалды бақылауға мүмкіндік береді.

Инвестиция тартудың тиімді жолдарын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, елшіліктер мен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылға негізделген жүйе құрылды және бұл өткен жылдың тамыз айында қабылданған Ұлттық инвестициялық стратегияда көрініс тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу