Оның сөзінше, бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бас прокурор жазбасында қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарының ұсыныс-пікірлері жауапсыз қалмайтынын ескерткен.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды.
Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі, – делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше қайғыдан қан жұтқан аналар өз наразылығын білдірген еді. Көп ұзамай Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының арызын қарауды тапсырды.