Министрдің мәлімдеуінше, қазір жәрдемақыны қолданысқа енгізуге қатысты дайындық жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Негізгі тұжырымдамалық жаңалыққа тоқталсақ, құжатта себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылған. Қазіргі уақытта I топтағы 66 мың мүмкіндігі шектеулі жанның арасынан әрбір үшіншісі күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Олар басқаның көмегіне зәру, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын адамдар", – деді Серік Шәпкенов.
Министрдің айтуынша, заң жобасы сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адамды қосымша күтім бойынша жәрдемақымен қамтуға мүмкіндік береді.
Қанат Махамбет