Арбитраждық сот Галина Вишневскаяны жарыстарға қатыстырмау туралы шешімді жойды

646

Тағы бір отандық биатлоншы Дарья Климинаның шағымын CAS қанағаттандырған жоқ.

Арбитраждық сот Галина Вишневскаяны жарыстарға қатыстырмау туралы шешімді жойды

Спорттық арбитражды сот (CAS) қазақстандық биатлоншы Галина Вишневскаяның апелляциялық шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"CAS шешіміне сәйкес, Халықаралық биатлоншылар одағы Вишневскаяны IBU аясында өткізілетін жарыстарға жіберуге міндетті. Қазақстандық биатлоншы енді барлық ресми жарыстарға қатыса алады",  – делінген Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) ресми сайтында. 

2018 жылдың қарашасында Галина Вишневская Қазақстан құрамасының өзге сегіз мүшесімен бірге жарыстардан уақытша шеттетілген болатын. Алдын ала шешім Италия мен Австрияда өткен қылмыстық зерттеулерге негізделген. CAS әзірге өз шешімін толығымен түсіндірген жоқ. 

Айта кетейік, тағы бір отандық биатлоншы Дарья Климинаның шағымын CAS қанағаттандырған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу